Қазгидромет Алматы мен Астанада 6-8 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана бойынша ауа райы болжамы6 қаңтар
Астанада ауыспалы бұлтты, кей жерлерде аздаған қар жауады, көктайғақ, боран күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы -6…-8°C, күндіз -2…-4°C.7 қаңтар
Ауыспалы бұлтты, кей жерлерде қар, боран, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде және күндіз температура -2…-4°C.8 қаңтар
Ауыспалы бұлтты, кей жерлерде қар, боран, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде және күндіз ауа температурасы -13…-15°C.
Алматы бойынша ауа райы болжамы6 қаңтар
Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Түнде температура -4…-6°C, күндіз +1…+3°C7 қаңтар
Ауыспалы бұлтты, күннің соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Түнде температура -4…-6°C, күндіз +1…+3°C.8 қаңтар
Ауыспалы бұлтты, кей жерлерде қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Түнде температура -5…-7°C, күндіз 0…-2°C.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!