Қырғызстанда бір сағатқа жуық уақыт ішінде екі жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жер асты дүмпулері туралы ақпарат Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институты сайтында пайда болды.
Магнитудасы 3,8 болатын алғашқы жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 10:04-те тіркелген. Дүмпу ошағындағы қарқындылық 3,5 балл болған. Пайда болу тереңдігі – 15 шақырым.
Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының (ҚР ҰҒА СИ) мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Жалал-Абад облысында орналасқан. Елді мекендерде жер сілкінісінің күші: Қос-Терек ауылында – 3,5 балл шамасында, Кызыл-Ункур, Жаз-Кечуу, Ақ-Бұлақ ауылдарында – 3 балл, ауылда, Арсланбоб - 2,5 балл.
Магнитудасы 3,2 болатын екінші жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 11:07-де болды. Оқиға кезіндегі қарқындылық шамамен 3 балл болған. Тереңдігі 19 шақырым. Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының (ҚР ҰҒА СИ) мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Бішкек қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 36 шақырым жерде орналасқан. Елді мекендерде жер сілкінісінің күші: Кашка-Суу және Тош-Булак ауылдарында – 2,5 балл шамасында болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!