Есте жоқ ескі заманда Сақтар қолға түскен тұтқынның екі көзін ойып, құлдыққа салады екен.
Шамасы, көшпенді өркениеттің аттың жалында, түйенің қомында əлемді бағындырған кезі болса керек. Ат тұяғы жеткен жерді өз меншігі санаған баһадүрлер тағы бірде алыс аймаққа соғысуға аттанады.
Қазіргідей ұшақпен ұшып барып, бомбалап қайтып келетін заман емес, 20 жылдай жүріп қалыпты. Елде қалған әйелдері жаңағы соқыр құлдармен əуейі болып, соларға күйеуге тиіп, бала тапса керек.
Жиырма жылдан соң қылшылдаған жас сарбаз қырма сақал қырқылжыңға айналып, елге қайтады. Жаңағы құлдан туған буын сақтарды өз Отанына кіргізбей, қырғын шайқас болады.
Сақтардың да қатары селдірей түседі. Сонда қолбасшының кеңесшісі, көпті көрген...