2024 жылғы 30 желтоқсанда Астана уақытымен 01:14-те (Гринвич бойынша 29 желтоқсан 20:14-те) Каспий теңізінде жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.
Орталық мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы – 4 балл, эпицентрі 46 шақырым тереңдікте орналасқан.
"Эпицентр координаттары: солтүстік ендіктің 41.54 градусы, шығыс бойлықтың 49.98 градусы. Магнитуда – mb=4. Энергетикалық класы – K=10.9. Тереңдігі – h=11 километр", – деп хабарлады Қазақстанның Деректер орталығы.
Sfera.az басылымының мәліметінше, жер сілкінісі Каспий теңізінің Әзербайжан суларында болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!