Санкт-Петербургте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске қатысушы мемлекеттер басшыларының бірге суретке түскен сәтін жариялады.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Санкт-Петербургке барып, ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты. Саммитте қызметтің басым бағыттары және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!