Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.
"2024 жылғы 24 желтоқсанда сағат 10:00-де Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінін алдын алу жұмыстарына байланысты "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катон-Қарағай-Рахмановские ключи" тасжолының 46-66 шақырым аралығындағы учаскеде(Северное ауылынан-Серебрянск қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады", - делінген хабарламада.
Жолды 2024 жылғы 24 желтоқсан сағат 14:00-де ашу жоспарланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!