Белгісіз адамдар Ақтауда 14-шағынауданындағы №1 мектепте бомба қойылғаны туралы хабарлаған. Оқиға орнына құқық қорғау органдары мен басқа да төтенше қызметтер жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгерлер мектеп жанында полиция, өрт сөндіру және жедел жәрдем көліктерінің жиналғанын видеоға түсірген. Толық тексеру нәтижесінде шақырту жалған екені анықталды.
"Бомба қойылғаны туралы ақпарат расталмады", - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!