Добавить новость

Рынок акций России подскочил на фоне сохранения ставки

О мокром снеге на трассе М-4 «Дон» предупредили воронежцев

Дошкольники ЦАО приготовили елку из фруктов и зарядились праздничным настроением на мастер-классе от комбината питания

В Москве задержали угрожавшего гранатой сотрудникам общепита мужчину

World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

AMANAT Президенттің қоғам мәдениетін өзгерту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруда

"AMANAT"-та халық арасында кеңінен сұранысқа ие партиялық жобалардың бірі – "Қарызсыз қоғам" жобасын жүзеге асыру жұмысы қорытындыланды. Аталған жоба екі жылдан аз уақыт ішінде Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстанды құру және "Адал азамат" тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытындағы маңызды бөлігіне айналды. Партияның көмегімен 780 мың отандасымыздың қаржылық сауаты жақсарды.
Мемлекеттің барлық ресурсы ел азаматтарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Себебі бұл – Президенттің саяси және әлеуметтік реформаларының басты мақсаты. Жиынға қатысушыларға қарата айтқан сөзінде Мәжіліс Спикері, "AMANAT" партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов халықтың қаржылық сауатын арттыруға арналған "Қарызсыз қоғам" жобасы елдегі жаңа саяси мәдениеттің үлгісіне айналғанын атап өтті. Жобаны табысты жүзеге асыру мақсатында партия, Парламент, Үкімет, жергілікті билік органдары, қаржы секторының өкілдері мен белсенді азаматтар бірлесіп жұмыс істеуде.

Мәжіліс Спикері халықтың шектен тыс несие қарызына батуы қоғамдағы ең өткір проблемалардың бірі екенін жеткізді. Оны шешу мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүйелі шаралар қабылдауда. Президент тапсырмасы бойынша жеке тұлғалардың банкроттығы және несие беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту туралы заңдар қабылданды, ал бес жыл бұрын біржолғы кредиттік амнистия жарияланып, 500 мың адамның несиесі кешірілді.

Алайда, Ерлан Қошанов атап өткендей, жағдайды түбегейлі түзету үшін мәселенің салдарымен емес, себебімен күресу маңызды. Дәл осы мақсатта "AMANAT" партиясы Мемлекет басшысы жоғары баға берген қазақстандықтардың қаржылық сауатын арттыру жобасын бастады.

"Шын мәнінде, "Қарызсыз қоғам" жобасы партиялық жобадан жалпыұлттық деңгейге көтерілді. Біз Президент алға қойған ауқымды, стратегиялық міндетті – қоғам мәдениетін өзгерту мәселесін бірлесе шешіп келеміз. Біз азаматтарға мәселені мемлекет шешіп бергенін күтіп отыра бермей, өмірді өз күш-жігерімен жақсартуына мүмкіндік береміз, өзінің және жақындарының тағдырына жауапкершілік алуға үйретеміз. Сонымен қатар, азаматтардың бойына адал еңбек етіп, лайықты табысқа жетуге және болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік беретін жаңа қабілеттерді дарытамыз. "Қарызсыз қоғам" жобасы – жаңа мемлекеттік стратегияның бір бөлігі. Бұл – Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстанды құру бағытының негізгі идеясы және "Адал азамат" бастамасының өзегі", – деді Мәжіліс Спикері.


Бүгінде жобаға қатысушылардың 40%-дан астамы – қарыз жүктемесін, 70%-ы – ай сайынғы несие төлем мөлшерін, ал 41%-ы – несиелердің жалпы санын азайтты. Сондай-ақ, жазғы каникул кезінде "Қарызсыз қоғам" сарапшылары мектептердің, колледждердің және жоғары оқу орындарының 7,5 мың ұстазын қаржылық сауатты арттыру әдістемесіне оқытты. Биыл 500 мыңнан астам оқушы мен 100 мың студент білім алды. Осы шараның барлығы мемлекеттің араласуымен проблемалық несиелер үлесін 18%-дан 7%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Мұның бәрі – Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүйелі жүзеге асыру кезіндегі мемлекеттік органдардың, депутаттық корпустың және партияның үйлесімді, командалық жұмысының нәтижесі.
Сонымен қатар, "AMANAT" партиясының Төрағасы "Қарызсыз қоғам" жобасының ауқымын кеңейту қажет екеніне тоқталды. Атап айтқанда, жоба аясында қаржылық интернет-алаяқтыққа қарсы күрес, бизнесті дамыту, тұрғын үй алу, білім алу сияқты мемлекеттік қаржылай қолдау бағдарламалары арқылы ұсынылатын жаңа қаржылық құралдарды үйрету бағыттары қарастырылуға тиіс.

Өз кезегінде, Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет азаматтарды қолдаудың маңызды әрі тиімді құралы ретінде "Қарызсыз қоғам" жобасын іске асыруға ерекше назар аударатынын жеткізді. Атап айтқанда, студенттер мен оқушыларды қаржылық сауаттылыққа және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жұмысы жалғасады. Жобаның ауқымын кеңейту мақсатында мемлекеттік органдар тарапынан тұрақты әрі жан-жақты қолдау көрсетіледі. Яғни, жоба түлектерінің жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимылды күшейтуге баса мән беріледі.
Бұдан әрі Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова қарыз алушылардың борыштық жүктемесін есептеуге қойылатын талаптардың қатаңдатылғанына және несие бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелері төмендетілгеніне назар аударды. Сонымен қатар, коллекторларға азаматтардың несиелерін сатуға екі жылдық мораторий енгізілді. Оның айтуынша, осы және өзге де шаралар қарыз алушылардың жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Halyk Bank басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова банк "Қарызсыз қоғам" жобасын қаржыландырумен ғана емес, азаматтарды оқытуға тікелей атсалысу арқылы да белсенді қолдау көрсететінін атап өтті. Бастаманың маңызды бөлігі – қазақстандықтарды жұмыспен қамту. Бұл қадам несие алушылардың қарызын өтеуіне және қаражат жинауына көмектеседі.

Іс-шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, сондай-ақ еліміздің барлық өңірінен келген менторлар мен жоба қатысушылары қатысты. Кездесу соңында серіктестер мен жоба сарапшыларына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, жобаны жүзеге асыруға 12 коммерциялық банк пен 11 мемлекеттік орган қатысуда. Жобаға қатысуға ниет білдірген азаматтарға ыңғайлы болуы үшін qogamfin.kz. онлайн-платформасы әзірленді. Сайт арқылы оқу курсына жазылып, пайдалы материалдар мен бейне сабақтарды жүктеп алуға болады.
Суретті түсірген: Әли Ғалым

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city

Белоусов передал вдове генерала Кириллова «Золотую Звезду» Героя России

Под Орлом на одной и той же «зебре» за неделю насмерть сбили второго пешехода

В торговых центрах Московской области откроются «МастЕРские Деда Мороза»

Гендиректора Корпорации развития Курской области задержали

Музыкальные новости

Воробьев: на прямой линии с Путиным прозвучали важные для Подмосковья вопросы

Благотворительный онлайн-аукцион «Норникеля» поможет детям с ДЦП

В Московской области сотрудники Росгвардии пресекли грабеж в одном из магазинов

В Подмосковье сотрудники ОМОН «Пересвет» Росгвардии провели для студентов экскурсию по подразделению

Новости России

Московский рекламщик должен попасть в ад в тизере комедии "Дорогая, я больше не перезвоню"

Владимир Ефимов: Башенные краны в Москве впервые украсили к Новому году

Шапкин: президент подтвердил, что вопросы экологии имеют принципиальное значение

Ямальские школьники отправились в Великий Устюг после «Большой перемены»

Экология в России и мире

Сотрудники отеля Yalta Intourist передали продуктовые наборы инвалидам по зрению

Как Киркоров и Дорохов породнились: комедия «Братья» выходит при поддержке «Авторадио»

Музыкальная деятельность EDZAR

Косметолог-эстетист Наталья Рябинова: 4 экспресс-процедуры к Новому году

Спорт в России и мире

Поражение Рыбакиной на старте звездного турнира в Абу-Даби привело к неожиданному результату

Андрей Рублёв и Карен Хачанов заявились на парный турнир в Гонконге

Арина Соболенко выложила эффектные фото в коротком платье

Вероника Кудерметова поднялась на одну строчку в рейтинге WTA

Moscow.media

Как проходит процедура интимного омоложения

Болотный ноябрь

Портативный ТСД корпоративного класса Saotron RT-T70

Конкурс «Наше поколение» получил три престижные награды на премии Dprofile Award 2024











Топ новостей на этот час

Rss.plus






Певица Седокова пока остается в больнице

О мокром снеге на трассе М-4 «Дон» предупредили воронежцев

Русскому миру объявили войну. Это подтвердил президент Владимир Путин

В Дмитровске состоялась познавательная программа «Праздник света и добра»