Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сирия аумағында қалған қазақстандықтардың санын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы вице-министр Сенаттағы брифингте мәлімдеді.
"30-дан аса қазақстандық. Егер қателеспесем, 33 адам. Одан көп емес. Бұл азаматтармен қазіргі уақытта тұрақты байланыстамыз," - деді Бақаев.
Сондай-ақ, вице-министр Таяу Шығыстан эвакуацияланған қазақстандықтар туралы айтып өтті.
"Газа секторынан 129 адамды қайтардық, ал Ливаннан эвакуация кезінде 69 адамды қайтардық," - деді вице-министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!