Алматы әкімі Ерболат Досаев метрода көру қабілеті нашар адамдарға қандай ыңғай жасалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бәріміздің жүрегімізге тиген оқиға, отбасына көңіл айтамын. Ендігі жылы платформаларда турникеттер бекітеміз. Видео тарап кетті ғой. Екі вагон ортасы бос болып қалған, оны жабу үшін тұратын орындар бар, соларға тапсырыс бердік. Ал жаңа желілерде бірден салынады. Жігіттің жанында қанша жас болды. Біреуі қолынан тартса... Осындайды көріп қалғанда көмегімізді берейік. Алматы - ортақ үйіміз. Бұл өте маңызды. Бүгінгі желілердегі платформаларға турникеттер қойылады", - деді ол.
Сондай-ақ ол көшеде шашылып жататын самокаттарға да тоқталды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы метрода бір адам рельске түсіп, қайтыс болды. Кейін "Абай" бекеті уақытша жабылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!