Алматы әкімдігі қала тұрғындарына және жүргізушілерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамды көктайғаққа байланысты Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы жүргізушілерге үндеу жасады:
сақтық шараларын, жылдамдық режимін және автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтаңыз;
қар тазалау техникасының жұмысына кедергі келтірмеу үшін жол жиектерінде тұрақтан аулақ болыңыз.
Жаяу жүргіншілерге жолда абай болу ұсынылады.
"Қала тұрғындарын қар тазаланғанға дейін "Медеу" мұз айдыны мен "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортына уақытша барудан бас тартуға шақырамыз. Бұл трафикке ауыртпалық түсіруі мүмкін, ал ол жолдарды тазалауды қиындатады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Алматының коммуналдық қызметтері қардың түсуіне байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқаны айтылды. Ауа райының қолайсыздығын жою үшін 396 арнайы техника мен 240 жол жұмысшысы жұмылдырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!