Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы болжамы:
13 желтоқсан: Астанада ауыспалы бұлтты, күннің екінші жартысында аздаған қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14, кейде екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 10-12 градус аяз, күндіз 2-4 градус аяз болады.
14 желтоқсан: Күн бұлтты, күндіз кейде қар жауып, боран және көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы 5-7 градус аяз, күндіз 0-2 градус аяз.
15 желтоқсан: Күн бұлтты, кейде қар, боран күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с. Түнде және күндіз ауа температурасы 5-7 градус аяз.
Алматыдағы ауа райы болжамы:
13 желтоқсан: Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Түнде ауа температурасы 11-13 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.
14 желтоқсан: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Түнде ауа температурасы 5-7 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.
15 желтоқсан: Ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Түнде ауа температурасы 2-4 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!