Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың тәуелсіздікке қол жеткізгенін, мемлекеттің егемендігін айқындайтын ұлттық құндылықтар. Елтаңба, Ту, Әнұран – бұл тек ресми рәміздер ғана емес, халқымыздың тарихы мен болашағын бейнелейтін терең мағынаға ие белгі-нышандар. Олар әрбір қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш сезімін оятады.
Қазақ халқы ертеден-ақ өздерінің бірегейлігі мен даралығын көрсететін рәміздерге ерекше мән берген. “Туыңды жоғары ұста” деген даналық сөз халқымыздың рухани байлығын, елдіктің белгісін көрсетеді.Қазақстан Туы – көгілдір аспанның тазалығын, бейбітшілік пен бірлікті бейнелейді. Оның ортасындағы күн – халқымыздың жарқын болашағы, ал қыран – тәуелсіздік пен еркіндіктің символы.Елтаңбадағы шаңырақ – елдің бірлігін көрсетсе, қанатты пырақтар – даму мен өрлеудің белгісі.Мемлекеттік Әнұран – халқымыздың патриоттық...