Жамбыл облысында жыл соңына дейін 15 білім беру, 23 денсаулық сақтау, 10 спорт, 8 мәдениет нысанын пайдалануға беру жоспарлануда. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Ербол Қарашөкеев әлеуметтік саладағы көрсеткіштерді баяндады.
Өңірде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аясында 36 білім беру нысанын салу (10 600 орын) жоспарланған. Биылғы 10 айдың қорытындысына сәйкес 13 білім ошағы пайдалануға берілді, оның үшеуі «жайлы» мектеп. Жыл соңына дейін тағы 2 нысанды қолданысқа беру көзделіп отыр (1 мектеп, 1 мектепке қосымша ғимарат).
Нәтижесінде 7 оқу орны тапшылығы бар, 3 үш ауысымды, 3 тозығы жеткен және 2 апатты мектептің мәселесі шешіледі.
9 мектеп пен 1 техникалық шығармашылық орталық күрделі жөндеуден өтті.
Мектептерді жаңғыртуға 3,1 млрд. теңге бөлінді: 215 мектепті жаңа модификациялық кабинеттермен қамтамасыз етуге 1,9 млрд. теңге, білім беру нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 1,2 млрд. теңге.
Облыс оқушылары 15-ші жыл қатарынан республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытындысы бойынша «Ең үздік команда» атанды. Республикалық олимпиаданың нәтижелеріне сәйкес «Үздік олимпиадалық команда» деп танылды.
Республика бойынша PISA зерттеуінің қорытындысы сәйкес Жамбыл мектептері 1 орынды иеленіп, үздік нәтиже көрсетті.
26 денсаулық сақтау нысанының 23-і жыл соңына дейін, оның ішінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 20 нысан пайдалануға беріледі.
Бюджет қаражаты есебінен 5 млрд. теңгеге 18 бірлік медициналық диагностикалық техника (4 компьютерлік томограф, 5 кешенді рентген, 2 УДЗ, 2 маммограф, 3 флюорограф, 1 нейронавигациялық жүйе, 1 жылжымалы рентген аппараты) және 38 санитарлық автокөлік сатып алынды.
Нәтижесінде медициналық жабдықпен жарақтандыру деңгейі 96,7 пайызға жетеді (2023 ж. — 91,9%).
2025 жылы жасанды интеллект арқылы қатерлі ісікті анықтаудың мамандандырылған жүйесін енгізу жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.
Облыста 15 денешынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр, бүгінге дейін оның төртеуі және 103 спорт алаңы ашылды. Жыл соңына дейін тағы 6 спорт кешені қолданысқа беріледі деп күтілуде.
Бюджеттен тыс 880 млн. теңгеге 4 спорт нысаны бой көтерді, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен 2 модульдік спорт залын ашу жоспарда бар.
5 мәдениет нысаны есігін айқара ашты (4 мәдениет үйі мен 1 музей), жыл соңына дейін тағы 3 нысан ел игілігіне тапсырылады.
Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының ғимаратына, Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның көрермендер залына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Биыл мемлекеттік шығармашылық тапсырыспен 1,3 млрд. теңгеге 224 үйірмеде 9,1 мың бала қамтылды.
Баспасөз алаңында өңірдің туристік әлеуетінің дамуына да тоқталды. Аталған салада 16,4 млрд. теңгенің 13 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Отандық және шетелдік туристер үшін 6 нысан ашылды, оның ішінде қонақ үйлер, демалыс орындары, жол бойындағы қызмет көрсету нысандары бар. Туристік орындарға баратын жолдар жөнделіп, газдандыру мәселесі шешілді.
Сообщение Жамбыл облысында онкологиялық ауруларды диагностикалау үшін жасанды интеллект енгізіледі появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.