Алматы облысы Кеген ауданының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кеген ауылындағы балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтің есімі берілді. Ескерткіштің ашылу рәсімі дәл осы Заманбек Нұрқаділов атындағы өнер мектебінің алаңында ұйымдастырылды.
Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, танымал тұлғалар мен қайраткердің отбасы мүшелері қатысты.
Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов бюсті ашты.
Биіктігі 4,5 метр болатын бұл туындының авторлары - Айдос Бүркітбаев пен Тимур Нұрмұхаметов.
Салтанатты рәсімнен кейін қатысушыларға Заманбек Нұрқаділовтің өмірі мен қызметі туралы "Не только о себе" атты кітаптың 300 данасы таратылды.
Заманбек Нұрқаділов - 1944 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданында дүниеге келді. Ол 2005 жылы өмірден өтті. Қоғам қайраткері Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы; Алматы қаласының әкімі; Парламент Мәжілісінің депутаты, т.с.с. жауапты қызметтер атқарған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!