Маңғыстау облысында Қаражанбас бағытындағы тасжолда ішінде жолаушылары бар шағын автобус жылқымен соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, апатта бір адам зардап шегіп, жылқы өлген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция мәліметінше, зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілген.
"Автокөлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сараптама тағайындалды. Оның нәтижелеріне сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады", - деді Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, полиция мәліметінше, жылқының иесі де жауапкершілікке тартылады. Қазіргі уақытта оны анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Иесі анықталғаннан кейін, ол ауыл шаруашылығы жануарларын бағу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады", – деп қосты полиция.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!