Қазақстанда 2 миллион гектардан аса жер мемлекеттік меншікке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2024 жылдың басынан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті жалпы ауданы 2,8 миллион гектар аумақта 1748-ден астам жоспардан тыс тексеру жүргізген.
"Тексеру қорытындысы бойынша 2,2 миллион гектар аумақта жер заңнамасын заңбұзушылықтарды жою туралы 1342 ұйғарым берілді.
Бұрын берілген нұсқамалар негізінде 311,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерін игеру басталды. 200,4 мың гектар алқапта пайдаланылмайтын жерлерді алып қою бойынша сот талқылаулары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
ЖАО қабылдаған шешімдердің заңдылығын мемлекеттік бақылау шеңберінде 368,5 мың гектар алқапта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру туралы 875 заңсыз шешім анықталды, оның ішінде 84 шешім жойылды. Негізгі заңбұзушылықтар конкурстық рәсімдерді айналып өтуге және жалпыға ортақ пайдаланылатын жайылымдарды заңсыз бөлуге байланысты.
"Жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша 2 миллион гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, бұл 2024 жылғы жоспарды мерзімінен бұрын орындауға мүмкіндік берді".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!