Қостанайда полиция көлігі жол-көлік оқиғасына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газета" порталына сілтеме жасап.
ЖКО 20 қарашада таңертең Қобыланды батыр даңғылында болған. Қостанай облысы Полиция департаменті мәліметінше, қызметтік автокөлік жүргізушісі жарық дабылдарын қосып келе жатып, қиылыстағы қауіпсіздікке көз жеткізбей, Lada 21074 көлігімен соқтығысқан.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, алайда екі автокөлікке де зақым келіп, материалдық шығынға ұшырады. ЖКО дерергі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі", - деп хабарлады ведомство.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!