Астанада жолаушылар автобусы мен екі жеңіл автокөлік жол-көлік оқиғасына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнындағы жағдайды видеоға түсіріп алды. Lexus, Toyota Corolla және жолаушылар автобусы Мәңгілік Ел даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесі қиылысында соқтығысқан.
Елорда Полиция департаментінің мәліметінше, Lexus автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылғанда, қарсы бағытта келе жатқан көлікке жол бермеген. Соның салдарынан қоғамдық көлік және Toyota Corolla жеңіл автокөлігі соқтығысқан.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Іс материалдары Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберіледі", – делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!