Солтүстік Қазақстан облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы Петропавл тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2024 жылдың 20 қарашасында терроризмге қарсы оқу іс-шарасының өткізілуіне байланысты City Mall сауда ойын-сауық орталығы ауданында (Петропавл, Nº19 ықшамаудан, Ш. Уәлиханов көшесі, 56) және "Ойқала" ықшамауданын айналып өтетін жолда автокөлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектелетін болады. Өткізілетін іс-шараға және уақытша болатын қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!