Қаңтар оқиғасы бойынша жеткізілген адамды азаптаған полиция қызметкері сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
Алматының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, кінәні мойындау туралы процестіккелісімінің негізінде қаңтар оқиғалары кезінде жеткізілген адамға азаптауды қолданғаны үшін (ҚК-нің 146-бабы) айыптау үкімін шығарды. Қылмыстық істі Алматының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді.
"Прокурорлар 2022 жылғы 8 қаңтарда Алмалы ауданының Полиция басқармасында кінәлі полиция қызметкерінің жеткізілген азаматқа қатысты азаптауларды қолданғанын дәлелдеді. Полиция қызметкерінің құқыққа қарсы әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушіге тән азабы келтірілген", - делінген хабарламада.
Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімі бойынша сотталушыға арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!