Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысы бар күдіктілер туралы мәліметтерді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ӨКҚ брифингінде Аленов бұған дейін БАҚ-та жазылған "Хуторские" ҰҚТ ішкі істер органдарында есепте жоқ екенін мәлімдеді.
"Хуторские" ҰҚТ делінген, бізде ондай есепте жоқ. Осы істің аясында ұсталғандардың портретін қысқаша, тіпті ауызша таныстыра аламын. Екеуі ипподромда тұрақты жұмыс істейді, бірі Шымбұлақта жұмысшы, екіншісі "Ақбұлақта" күзетші, екеуі сұлулық салонында жұмыс істейді", - деді министрдің орынбасары.
Сондай-ақ, олардың бәрі кәмілет жасқа толғаны айтылды. Олардың әрқайсының бір-бірімен байланысы мұқият тексерілетінін қосты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!