Шерзат Болаттың әпкесі Перизат Нұрымова Massaget.kz тілшісіне өрттен кейін сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, олар бұл үйге бір аптаға жуық уақыт келмеген, бірақ дәл кеше осында Құран оқытпақшы болып, тазалап кеткенін айтты.
"Күйеуім мен балаларым тек малды қарауға күніне жарты сағатқа келіп кететін. Кеше балалар қалмақшы болған, бірақ қалдырмадым. Балаларды апарып тастап, әрі қарай жұмысқа кеткенмін", – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Шерзат Болаттың үйі өртеніп кеткенін жазған едік.
Осы оқиғадан кейін марқұмның отбасын полиция күзететін болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!