Журналистер – төртінші билік иесі ме?
Журналистика – заманауи қоғамда үлкен рөл атқаратын әлеуметтік институт. Оның негізгі мақсаты – ақпаратты жария ету арқылы қоғамның түрлі салаларына ықпал ету, халықты қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету. Сондықтан журналистерді жиі «төртінші билік» деп атайды. Бұл атау қоғамдағы саяси, әлеуметтік және экономикалық процестерге журналистиканың әсерін сипаттайды. Бірақ шын мәнінде журналистерді төртінші билік иесі деп толық атауға бола ма? Осы сұрақ төңірегінде сараптап көрелік.
Төртінші билік ұғымының шығу тегі
«Төртінші билік» ұғымы алғаш рет 18-ғасырда британдық жазушы әрі саясаткер Эдмунд Берк тарапынан қолданылды. Ол парламенттің үш негізгі тармағы (атқарушы, заң шығарушы және сот билігі) мен журналистиканы...