Қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мен чемпиондық атаққа үміткер жаңазеландиялық Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) арасындағы жекпе-жек өтетін орын мен күні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Worldboxingnews ақпаратына сәйкес, қазақстандық 19 қазанда Орландодағы (АҚШ) Caribe Royale Resort аренасында өтетін бокс кеші аясында рингке оралуды жоспарлап отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!