Ақорда маңындағы жағалауда құрылыс жүріп жатыр. Tengrinews.kz пікір алу үшін қала әкімдігіне хабарласты.
Көптеген қала тұрғындары мен қонақтары Президент резиденциясы маңында, жағалаудағы құрылыс жұмыстарын байқады.
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Астана әкімдігі мәліметінше, жағалауға көлеңке түсіретін шатырлар орнатылады.
"Бұл учаскеде шатырды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!