Экс-министр Мұхамедиұлының 3,5 миллиард теңге болатын нысандары мемлекетке қайтарылмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
Бас прокуратура мемлекеттік мүлікті басқаружәне жекешелендіру саласында тексеру жүргізді. Жекелеген жағдайларда мемлекеттік мүліктісату заңға қайшы келетіні анықталды, сондықтан прокурорлар 4,8 миллиард теңгеден астам сомаға мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы талап қоюларға бастамашылық жасады.
Олардың біреуін сот қанағаттандырды.
"Мәселен, 2019 жылы бұрынғы Мәдениет министрі Мұхамедиұлымен үлестес жеке компанияның пайдасына 332 миллион теңгеге Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі іске асырылды. Алматы қаласында орналасқан кәсіпорын сатылғанға дейін 662 миллион теңгеге бағаланды", - делінген хабарламада.
Бұл ретте, мүліктік кешеннің нақты нарықтық құны 1,213 миллиард теңге болды, сомадағы айырмашылық кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің төмендеуінен көрінген.
Алматы прокуратурасының талап қоюы бойынша сот кәсіпорынды сатып алу-сату шартын жарамсыз деп таныды.
"Сонымен қатар, Астана мен Алматыда прокурорлардың талап қоюлары бойынша бұрынғы Мәдениет министрі Мұхамедиұлымен байланысты компанияларға бұрын сатылған 3,5 миллиард теңгеден астам сомаға тағы үш объектіні мемлекет меншігіне қайтару туралы сот талқылаулары жүріп жатыр".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!