Орта мерзімді жөндеу жұмыстарына байланысты "Астана айналма жолы" Р-10 тасжолының бөлігінде көлік қозғалысына шектеулер енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Р-10 "Астананы айналып өту" автожолының учаскесінде (46-дан 53-шақырымға дейін) 2024 жылғы 3 қыркүйек сағат 21:00-ден 4 қыркүйек сағат 09:00-ге дейін Қабанбай батырдың көлік айрығында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты қозғалыс шектеледі.
Жүргізушілерге жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал кешігулерді ескеру ұсынылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!