Орталық референдум комиссиясы мүшесі Сәбила Мұстафина Қазақстанда референдум өткізуге қанша қаражат жұмсалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы референдумды өткізудің болжамды сметасын әзірлеп, үкіметтің қарауына ұсынады.
"Біздің сметаға сәйкес, шығыстардың жалпы сомасы 15,5 миллиард теңге болады. Бұл сома 63 елде орналасқан және ашылған 78 шетелдік сайлау учаскелерінде республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізуді қамтиды", - деп түсіндірді Мұстафина брифинг барысында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!