Алматыда жөндеуге байланысты екі түнге "Медеу" БТСК-не дейінгі жол учаскесі жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Керей-Жәнібек хандары көшесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.
"28 тамыз сағат 06:00-ге дейін қозғалыс "Ақбұлақ" бұлағынан селден қорғау құрылымдары мен "Экопост" аялдамасына дейінгі учаскеде жабылады. Жабылатын учаскенің ұзындығы - 2,4 шақырым. Осы көшенің тағы 2 шақырымын жөндеу жоспарланған. Кейін жабылатын жол учаскелерінің күндері мен уақыты туралы қосымша хабарланады", - деп жазылған хабарламада.
Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!