Бұл болған оқиға деседі. Ағайынды екі жігіт болыпты. Ағасы үйлі-баранды, көп балалы болса, ал інісі әлі үйленбепті. Олар екеуіне ортақ жерге бидай егеді екен. Астықты жиған кезде тең бөлісетін болыпты. Үйленген ағасы ауыр ойлардан көзі ілінбей таң атырады екен: «Інім әлі үйленбеген, жалғыз тұрады. Өзімнің жанұям болса, үлкен. Ал өнімді тең бөлісеміз, бұл дұрыс емес қой.» Ағасының ойында арамдық жоқ, кіршіксіз таза көңіл болатын.
Оның не ойлағанына ден қойып, ой елегіне салып салмақтап көріңізші: «Мен қартайсам, балаларым бар, далаға тастамайды, ал ол жалғыз ғой. Оған кім қамқор болады? Інімнің жиған-тергені болуы тиіс.» Бауырыма: «Елу пайыздан көп алсаң қайтеді, мүлде жалғызсың...