Алматы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин Парижде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпаратты Алматы әкімдігі растады.
"Алматы спорт басқармасының басшысы Хайруллин Ерден Рашидұлының кенеттен қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.
Ақпаратты Туризм және спорт министрлігі де растады.
"Ерден Хайруллин түнде Парижде кенеттен қайтыс болды", - деп хабарлады министрлік.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!