Астанада өткен Орталық Азия елдері және Әзербайжан энергетика министрлерінің кездесуі қорытындыланып, ресми коммюнике қабылданды.
Кездесудің ресми қорытындысында тараптар Орталық Азия елдерінің энергетика саласындағы әріптестігі үлкен әлеуетке ие екенін, өңірдегі энергетикалық ресурстар саудасын жан-жақты дамытып, жасыл экономика сияқты жаңа бағыттардағы ықпалдастықты тереңдетуге дайын екенін атап өтті.
«Тараптар өңірде электр қуатын жеткізудің әлеуеті жоғары екенін ескере отырып, қуатты генерациялайтын көздер құруға бағытталған жаңа жобаларды әзірлеудің мүмкіндігін қарастырады», — деп жазылған құжатта.
Сондай-ақ, министрлер осы коммюникеде аталған шараларды ұтымды іске асыру үшін ведомство басшылары кездесуінің жұмыс органын құру бағытында диалог орнатуға уағдаласты.
Сообщение Ресми коммюнике: Орталық Азия елдері электр қуатын бірлесіп генерациялауға ынталы появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.