Алматы облысының тұрғындары Талғар маңында тікұшақ ұшып жүргенін байқағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл видеоны редакцияға оқырмандар жіберді:
Алматы облысының әкімдігі мореналық көлдерге және Талғар, Есік, Түрген өзендерінің бассейндеріне күшейтілген мониторинг жүргізіліп жатқанын түсіндірді.
Бір күн бұрын, 5 тамызда бұл орындар тексерілген.
"2024 жылғы 5 тамызда Алматы облысы ТЖД қызметкерлері "Қазселденқорғау" ММ қызметкерлерімен бірлесе отырып, Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергеновтың қатысуымен Талғар өзенінің бассейніндегі № 19 көлге отырғызу арқылы Талғар, Есік, Түрген өзен бассейндерінің жай-күйін фондық бағалау мақсатында ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағымен аэровизуалды шолу жүргізді", - делінген әкімдік мәліметінде.
Әкімдік мәліметінше, жыл сайын, сел қаупі бар кезеңде "Қазселденқорғау" ММ Қаскелең, Талғар, Түрген өзендерінің бассейндеріндегі жарылыс қаупі неғұрлым жоғары теңіз-мұздық көлдерде суды ағызуға, ағызу арналарын тереңдетуге арналған сифон құбырларын төсеу арқылы босату бойынша ағын каналында бұрғылау-жару жұмыстарын қолдана отырып алдын алу жұмыстары жүргізіледі.
"Қазір жағдай тұрақты", - деп хабарлады әкімдік.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!