1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы 43 мың теңгеге артады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мемлекеттік тапсырысты ұлғайту бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп отыр. Биыл 145 мың грант бөлінді, оның 65%-ы техникалық мамандықтарға бағытталған. Сондай- ақ, 1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің стипендиясы өткен жылғы деңгейден 50%-ға ұлғаяды», - деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында.
Министрдің мәлімдеуінше, биыл бірінші жартыжылдықта 104 колледждің материалдық-техникалық базасы жақсарған.
«Техникалық базаның заманауи стандарттарға сай болуы және студенттерді оқыту мен педагогтердің жұмысы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуі маңызды. Биыл 2 103 орынға арналған 8 жатақхана...