Алматыда көлік жаяу жүргіншілер жолында адамдарды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаяу жүргіншілердің бірі қайтыс болды. Тағы бір әйел ауруханада жатыр.
Әйелдердің туыстарының айтуынша, жүргізуші көлікті тұраққа қойып жатып газ бен тежегішті шатастырып алған.
"Бүгін бұл көлік тәтемді қағып өлтірді, жаяу жүргіншілір жолында. Тағы бір адам ауыр жағдайда. Жамбыл-Фурманов көшесінде жаяу келе жатқан", - деп жазды әйелдердің туысы.
Алматы полициясының мәліметінше, 4 тамызда таңертең Назарбаев даңғылы мен Жамбыл көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды.
"Оқыс оқиға салдарынан 1955 жылы туған жаяу жүргінші қайтыс болды. Адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Басқа жағдайлар анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!