Ыстық күнде қоғамдық көліктердің кейбір жүргізушілері салқындатқышты түрлі себептермен қоспай жатады. Ауа температурасының жоғарылауына байланысты салқындатқышты қосып, өшіру бойынша арнайы регламент бар ма? Мәселеге қатысты Көлік министрлігі Massaget.kz тілшісінің сұрағына арнайы жауап берді.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Аптап ыстықта еліміздің әсіресе оңтүстік өңірлерінде термометр бағамы 40-45 градусқа дейін көтеріледі. Мұндай ауа-райында салқындатқышы өшіп тұрған қоғамдық көлікте жүру нағыз - сынақ.
"Мен зейнет жасындағы жанмын. Алматыда қоғамдық көліктер, өзім сияқты егде адамдар үшін ең қолайлы траснпорт құралы. Бәріне бірдей күйе жағудан аулақпын. Бірақ, кей автобустардың іші ыстық пеш сияқты, шыдау мүмкін емес. Жүргізушілерден салқындатқышты қосуды өтінгенде көбісі тыңдап жатады, дегенмен айтқан сөзіңді құлаққа ілмейтіндерге таңқаламын" , - дейді қала тұрғыны Ольга Кадыровна.
Зейнеткердің наразылығын арқалай жүргізушілерге де келдік. Туындаған бірнеше сұрағымызға №99 маршруттың жүргізушісі жауап қатты.
"Автопарк автобустың жағдайына жауап береді. Кей-кезде салқындатқыш істен шығып қалады. Әрине барлық жүргізушілердің атынан сөйлеуге аулақпын. Дегенмен, бұл сирек құбылыс. Бірақ, қоғамдық көлікте салқындатқышты қоспаудың техникалық ақауынан бөлек әдепкі себептері бар. Мысалы, мына біздің маршрут Көк-Төбеге дейін барады. Салқындатқыш мотор күшінің белгілі бір пайызын жұтып қояды. Техниканы қинамау үшін өрге шыққанда салқындатқышты өшіріп қоюға тура келеді. Кейде, жас аналар балаларын суықтатпау үшін өшіруімізді өтініп жатады. Осы сияқты түрлі жағдайлар орын алады. Сондықтан, ыстық күндері жүргізушіге бір ауыз өтініш айту жеткілікті. Техникалық мәселе болмаса, салқындатқышыңызды қосып береді" , - дейді автобус жүргізушісі.
Осы тұста ыстық күнде салқындатқышты қосуға арналған арнайы регламент бар ма деген сауал туындайды. Сұрағымызға Көлік министрлігі жауап қатты.
Регламент жоқ, талап бар
Жалпы автобустарды желдету және техникалық жағдайына қойылатын талаптардың сақталуын тасымалдаушы қадағалау керек екен. Бұған қатысты арнайы бұйрық бар.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.