Алматының тауларында жоғары өрт қаупі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
"Алматы тауларында өрт қаупінің IV класы жарияланды, сондықтан тауларда от жағуға тыйым салынады, МҰТП аумағында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін айыппұл шамамен 370 мың теңге болады", - делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, 29 шілдеде Алматыда жауын-шашынсыз ауыспалы бұлтты болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні секундына 3-8 метр . Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз қатты ыстық 36-38 градус.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!