Қазгидромет синоптиктері 29 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түнде Абай облысында найзағай күтіледі. Өңірдің солтүстік, солтүстік-шығыс және түнде облыстың оңтүстігінде секундына 15-18 метрге дейін жел соғады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында өрт қаупі жоғары.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және солтүстік-батысында секундына 15-20 метрге дейін жел соғады деп болжанды. Ал өңірдің оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде 29-31 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының солтүстік-батысында, облыстың оңтүстігінде, батысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.
Ұлытау облысының басым бөлігінде өрт қаупі жоғары болады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталып отыр.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл соғады деп күтіліп отыр. Облыстың оңтүстік-батыс, батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін жел соқпақ.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. 15-20 м/с жел соғады. Күндіз өңірдің батыс, оңтүстік-батыс, солтүстігінде, шығысында жел екпінді. Сонымен қатар облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.
Жамбыл облысының таулы аудандарында да найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыста, облыстың таулы аймақтарында – 15-20 м/с. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында +38-40 градус қатты ыстық болады. Облыстың көп бөлігінде, яғни солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі жоғары.
Атырау облысының батыс, оңтүстік-батысында жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз +35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында өрт қаупі жоғары, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында да күтпеген өрт қаупі сақталып отыр.
Қызылорда облысында солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады деп күтілуде, күндіз облыстың орталығында – 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары. Атап айтқанда, өңірдің орталығында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада солтүстіктен ұйтқыған жел екпіні күндіз 16 м/с болады.
Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыс желі күтіледі, 15-20 м/с. Аталған өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Сонымен қатар ертең Шымкент пен Түркістан қаласында төтенше өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыс, күндіз облыстың шығысында екпіні – 15-20 м/с.
Күндіз шығыста, Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Шығыс жақтағы, күндіз Алакөл көлдері ауданындағы желдің екпіні – 17-22 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде +35-39 градус ыстық сақталады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!