Қожанасыр бір ағаштың басына шығып, қолына балта алып, өзінің тұрған ағашының астынан қырқа беріпті. Жолдан бір жолаушы өтіп бара жатып:
— Әй, Қожанасыр, жығыласың ғой, — деп айтып, кете беріпті. Оның сөзін тыңдамай, Қожанасыр қырқа беріпті.
Біраз қырыққан соң ағашы сынып, Қожанасыр жығылыпты. Қожанасыр ойлапты:
— Әлгі адам әулие екен, жығыласың деп еді, жығылдым. Енді мен қашан өлемін екенмін, соны сұрап қалайын, — деп, әлгі адамның артынан қуып барып:
— Жаңа сен жығыласың деп едің, мен жығылдым. Енді қашан өлемін, соны айтып бер, — деп, Қожанасыр сұрады. Ол жолаушы айтты:
— Есегің үш осырса, өлесің, — деді.
Бір күні Қожанасыр...