Семейде бір тәуліктен астам уақыт бойы бүкіл қала іздеген бала табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 шілдеде жоғалып кеткен үшінші сынып оқушысы аман-есен табылды. Оны полицейлер, еріктілер және қала тұрғындары іздеді.
"Іздеу қараусыз қалған ғимараттарда да, ойын-сауық орындарында да жүргізілді. Іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары Восточный кентінің ауданынан оқушыны тапты", - деп хабарлады полиция.
Бала полиция бөліміне жеткізіліп, онымен әңгіме жүргізілді. Бала психологтың қарауынан кейін ата-анасына тапсырылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!