Қарағандыда Федоров су қоймасы аумағынан белгісіз ер адамның мәйіті табылды. Оның жеке басы әлі анықталған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ер адамның денесін жергілікті балықшылардың бірі тауып алған. Ол полиция шақырды. Ер адамның жеке басы әлі анықталған жоқ.
"11 шілдеде Федоров су қоймасының аумағында 50-55 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл факт полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Қарағанды еріктілері полициямен бірлесіп қаза тапқан адамның жақындарын іздестіріп жатыр. Ер адам көк түсті түймелері бар қара футболка, қара белбеуі бар көк джинсы және қоңыр аяқ киім киген.
"Осы адам туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден +7 778 872 05 13, + 7 708 352 64 60 немесе 102 нөмірлері бойынша хабарласу сұралады", - деді жергілікті еріктілер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!