Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы жылдың сәуір айынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акция басталған болатын.
Акцияның мақсаты тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
Бүгін акция аясында Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен бастауын Қырғыз елінен алатын Талас өзенінің жағалауын қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізіліп, волонтерлар тартылды. «Жастар Таза Қазақстан үшін!» экологиялық акциясына 200-ден астам жастар жағалаудағы шашылып жатқан пластик қалдықтарды жинап, 400 қап қоқысты арнайы орынға апарып төкті.
Басым көпшілігі жастарды құраған акция қоршаған ортаның ластану проблемасына, өлкеміздің табиғатын сақтаудың және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіруде үлкен рөл атқаруда.
«Елімізде табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ауқымды акция өтуде. Бұл шараның бүгінгі ұрпаққа берері мол. Себебі өскелең жастардың бойында патриоттық рухты оятып, еліне, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырады. Мұндай іс-шаралар барлық қазақстандықтардың тазалық пен тәртіпті сақтауды қалыптастыратыны сөзсіз», – деді ерікті жас Е.Мелдебек.
Сообщение «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Талас өзенінің жағалауы қоқыстардан тазартылды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.