Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлері Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижесі бойынша 1 балл жинаған түлек туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство Ерасыл Уалиевтің екі рет - 12 және 30 маусымда Алматыда тестілеуден өткенін айтты.
"12 маусымда бұл тест тапсырушы 93 балл жинады, 30 маусымда ол 1 балл жинады, бірақ ол тестілеуден бар болғаны 4 минут өткенін атап өткен жөн", - деп түсіндірді тестілеу орталығы қызметкерлері.
Олар, сондай-ақ, талапкерлер гранттық байқауға қатысу үшін негізгі ҰБТ-дан екі сертификаттың бірін таңдай алатынын атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Ерасыл Уәлиев Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 1 балл жинағаны хабарланған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!