Астанада Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті басталды. Беларусь Республикасы ресми түрде ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Беларусь ресми түрде ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болды, ел ұйымға қабылданды.
"Бүгін Астанадағы саммитте ұйымымызды одан әрі кеңейту туралы маңызды шешім қабылданады. Осыған байланысты Беларусь Республикасының президенті, құрметті Александр Григорьевич Лукашенкоға сәлем жолдаймын. Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымына толық мүше болу жолында қажетті рәсімдерді орындады. Егер қарсылық болмаса, отырысты Беларусь Республикасының ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құрамына қабылдау туралы құжаттарға қол қою рәсімінен бастауды ұсынамын", - деп мәлімдеді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске салайық, 3-4 шілдеде Астанада Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтіп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!