Шымкентте халықаралық стандарттаға сай ең үлкен стадионның іргетасын қалау іс-шарасы өтті. Оған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен бірқатар футболшы қатысты.
Аталған спорт нысаны Бозарық – 2 шағынауданында бой көтереді. Биыл құрылысы басталатын арена аумағы – 21 гектар, 35 мың көрерменге арналған. Стадион құрылысын 2026 жылдың ортасына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Айта кетейік, бүгінгі таңда қалада бір ғана Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы «Орталық» стадион бар. Бұл спорт нысаны 1969 жылы пайдалануға берілген. Сыйымдылығы – 18 мың орын. Кеңес кезінде «Октябрдің 50 жылдығы» деп аталды. КСРО чемпионаттарында Шымкенттің «Металлург», «Мелиоратор», «Синтез» және «Достық» клубтары өз алаңындағы матчтарын өткізіп жүрді. Кейін 2003 жылдан бері жергілікті «Ордабасы» клубының негізгі аренасы болды.
Шымкент әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп беру кезінде қалаға заманауи стандартқа сай стадион қажеттілігін баяндаған болатын. Сол кезде Президент биыл жаңа стадионның құрылысын бастау туралы тапсырма берген еді.
Сообщение Шымкентте 35 мың адамға арналған еліміздегі ең үлкен стадионның іргетасы қаланды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.