Ысты Бұғыбай туралы әңгіме. Кенесары 1840 жылдары Ұлытауда патшаның отаршылдығына қарсы жасақ жинағанда, Шу өңіріндегі Ботаборым өзенінің бойын мекендеген ысты руындағы Бөлтірік биге: «Ат, ер-тоқым, қару-жарағы мен жүз жігіт берсін немесе жүз жігітке татитын жол бастайтын бір жігіт берсін», — деп кісі жіберіпті.
Кенесары 1840 жылдары Ұлытауда патшаның отаршылдығына қарсы жасақ жинағанда, Шу өңіріндегі Ботаборым өзенінің бойын мекендеген ысты руындағы Бөлтірік биге: «Ат, ер-тоқым, қару-жарағы мен жүз жігіт берсін немесе жүз жігітке татитын жол бастайтын бір жігіт берсін», — деп кісі жіберіпті.
Сонда Бөлтірік шешен көп ойланып, өз руы ыстыдан отырардағы Бұғыбайды шақырып алып: «Кенесары ханға барып жол бастайтын басшы боласың», — деп ақ батасын беріп, күндік жерге дейін шығарып салады. Ал Кенесары жіберген кісіге: «Кенеге сәлем айт, қол бастайтын батыр, жол бастайтын басшы жігіт жібердім, құрметтеп, ардақтай білсін», — депті.
Кенесары бірде Бұғыбайды сынамақ болып, түн ішінде: «Жігітім, ер-тоқым қойған үйдегі қырық...