Ботантай батыр туралы әңгіме. Қоңырқұлжаның ауылы Бұғылыға Кенесары келеді. Қоңыр Кенесарымен қанша қырғиқабақ болса да, сыр білдірмей меймандостық көрсетіп қабылдайды, төрден орын береді.
Қоңырқұлжаның ауылы Бұғылыға Кенесары келеді. Қоңыр Кенесарымен қанша қырғиқабақ болса да, сыр білдірмей меймандостық көрсетіп қабылдайды, төрден орын береді. Осыдан екі-үш жыл бұрын Қоңыр ат сұрай келген Кененің бетін қайтарса керек. Кенесары да «берсе — қолынан, бермесе — жолынан» дегендей Қоңырдың біраз малын айдап әкетеді. Онымен қоймай, менің қолыма қосыл деген тілек білдіреді. Орыс патшасының офицері Кенесарының бұл ұсынысына үзілді-кесілді қарсылық білдіреді. Екі төренің арасындағы кикілжің осылай басталса керек.
Бұл жолы Кенесары алдыңғы ісіне кешірім сұрап, енді жүз шақты сойыс малы мен мінер ат алмаққа келген екен. Үлкен әңгіме үстінде отырған екі төренің үстіне Бекалы мен Ботантай кіріп келеді. Ботантай...