Биыл елордада 50-ден аса көшеге орташа жөндеу, 200-ден аса көшеге ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланған. Жұмыстың бір бөлігі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана Көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәліметінше, бүгінде мына көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр:
Сарыарқа даңғылы Тұлпар көпірінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін, ішінара жабық;
Ұлы Дала даңғылы Мәңгілік Ел даңғылынан Бөкейхан көшесіне дейін, ішінара жабық;
Абат-Байтақ көшесі Байсейітовадан Бейсековаға дейін жартылай жабылған;
Сұлукөл көшесі Еңлік Кебектен Ардагерлер көшесіне дейін, толық жабық;
Игілік көшесі – орташа жөндеу аясында жаяу жүргіншілер жолын жөндеу;
Тәуелсіздік даңғылы Қошқарбаевтан Нәжімеденов көшесіне дейін, ішінара жабық;
Қабанбай батыр даңғылы Орынбор көшесінен Бұқар жырау көшесіне дейін, толық жабық.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!