АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Бұл туралы Қазақстан Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.